Ішкі әскер сарбаздарын жас жауынгер курсынан өткізуде

Фотография - Ішкі әскер сарбаздарын жас жауынгер курсынан өткізуде

Жылдағы дәстүр бойынша Ішкі әскердің бөлімдері жас сарбаздармен толығуда. Генерал-майор Әлібек Серәлиев қолбасшылық ететін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде де бүгінде оқу пунктері жасақталып, өз жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Ішкі әскерлер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен жұмыс жөніндегі офицері Дархан Мұханов.

179 0

Жылдағы дәстүр бойынша Ішкі әскердің бөлімдері жас сарбаздармен толығуда. Генерал-майор Әлібек Серәлиев қолбасшылық ететін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде де бүгінде оқу пунктері жасақталып, өз жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Ішкі әскерлер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен жұмыс жөніндегі офицері Дархан Мұханов.

Оқу жиындары шілденің онына дейін жалғаспақ. Өңірлік қолбасшылыққа қарасты Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінің оқу пункті де алғашқылардың бірі болып жас сарбаздарды қабылдады. Бұл бөлім алып шаһар Алматының барлық жеті ауданында құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар орындайды.

Биыл бөлімге еліміздің 9 облысынан төрт жүзден астам жас жауынгер шақырылып отыр. Сарбаздар әскери бөлімге аяқ басқан алғашқы күннен бастап олардың денсаулық жағдайын, білім деңгейін, моральдық-психологиялық қасиеттерін, әлеуметтік-демографиялық ахуалын тереңірек анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді. Шақырылған жауынгерлердің әлеуметтік-демографиялық, этникалық құрамы да әр алуан. Олар жас жауынгер курсы бағрламасына сай алғашқы әскери дайындықтан өткен соң, әскери ант қабылдап жауынгерлік қызметке кіріседі.

Осындай оқу пунктері бүгінгі таңда өңірлік қолбасшылықтың Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған қалаларында орналасқан басқа да әскери бөлімдерінде жұмыс істеуде.

* Мен Қарағанды облысынан шақырылдым. Үйде төрт баламыз. Бауырларымның ішінде алғашқы болып әскерге аттанғаным мен үшін ғана емес, ата-аналарым, туыстарым үшін үлкен мақтаныш. Оның ішінде Алматы қаласында, Ішкі әскер қатарында қызмет ету мүмкіндігі өз алдына зор бақыт. Алматы еліміздің рухани астанасы. Мұнда ірі-ірі саяси-экономикалық, мәдени-спорттық шаралар, халықаралық басқосулар өткізіледі. Ал, біз құқықтық тәртіп әскері ретінде сондай шаралардың тиісті деңгейде өткізілуін, ондағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етеміз. Бір жылдық уақытымыз осындай маңызды оқиғалардың ортасында өтетіндігі Ішкі әскер сарбаздарына ерекше құрмет деп білемін дейді, - жас сарбаз Нұрсұлтан Кенішбаев. Нұрсұлтан мерзімді міндетін атқарған соң полиция сабында қызмет етуді жоспарлап жүр.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!