Шығыс қазақстанда «Толағай» балаларды сауықтыру демалыс лагері жазғы жұмысын бастап кетті (фото)

Фотография - Шығыс қазақстанда «Толағай» балаларды сауықтыру демалыс лагері жазғы жұмысын бастап кетті (фото)

Глубокое ауданында «Толағай» балаларды сауықтыру лагерьі салтанатты түрде ашылды

697 0

Глубокое ауданында «Толағай» балаларды сауықтыру лагерьі салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Омар мен аудан әкімі Н.Шерубаев және аудандық мәслихат депутаты С.А. Соколов, ШҚО білім басқармасының дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығының директоры С.Әубәкіров қатысты.

Толағайға келуші оқушылар қонақтарды қолдан жасаған бұйымдарға толы экспозициялық көрмені, қазып алынған түрлі тастарға толы коллекция мен Верх-Березовск орта мектебі биологиялық орталығының тірі табиғат бұрышынмен таныстырды. Өз кезегінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар жақсы демалыс пен достық тіледі. Аудан әкімі алдағы уақытта мұнда келушілердің санын арттыру үшін тағы да қосымша ғимараттар мен демалыс нысандары салынатындығын жеткізді. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі үшін тапсырмалар жүктеді.

Уба өзенінің жағасындағы ауасы таза, табиғаты тамаша жерде орналасқан лагерьдің құрлыс жұмысы 2015 жылы аяқталу керек еді. Бірақ аудан әкімінің күш салуының арқасында 70 орынға лайықтанған 2 ғимарат биыл пайдалануға берілді. Онда балалардың демалысы мен бос уақытында айналысатын типтік денешынықтыру алаңқайы, тренажерлік алаң және түрлі секциялар мен үйірме жұмыстарына арналған бөлмелер, туристік клуб, балалар жағажайы бар. Асхана мен медициналық бөлме де толық жабдықталған.

Жалпы лагерьдің жұмыс бағдарламасы бойынша көптеген қызықты іс шаралар мен туристік сапарлар, байқаулар мен спорттық ойындар, көрмелер жұмыс істемек. Балалар мен тәжірибелі педагогтар, туризм және спорт бағыты бойынша білікті мамандар жұмыс істейді.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!