Дінді зиялылар басқарса – көркейеді

Фотография - Дінді зиялылар басқарса – көркейеді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бiз тегiмiз – тү­рiк, дiнiмiз ислам екенін ұмытпауымыз ке­рек» деген сөзінiң астарында үлкен мән жатыр.

143 0

Кеңес өкiметiнің 70 жылдық атеистiк идеологиясы кейбiр қазақты тiлiнен ажыратқанымен, дiнінен ажырата алмады. Мұны да тегіннен-тегін емес дей аламыз. Бiз тiлiмiздi, дiнiмiздi, салт-дәстүрiмiздi мәңгi ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға мiндеттiмiз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бiз тегiмiз – тү­рiк, дiнiмiз ислам екенін ұмытпауымыз ке­рек» деген сөзінiң астарында үлкен мән жатыр.

Иә, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұс­танған дінімізден, Алланың хақ жолынан ай­нымай, имандылыққа бет бұруымыз ке­рек-ақ. Гуманизмге толы исламның бүкіл адам­затқа ортақ ізгі құндылықтарын ар­дақтап, жоғары ұстауымыз қажет.

Біздің әдебиетіміз, тіліміз, мінез-құл­қы­мыз, салт-дәстүріміз, дүниетанымымыз, халықтық болмысымыз, тәрбиеміз ислам негізінде қалыптасқан. Сондықтан да біз ис­ламды тек дін, жалаң сенім деп емес, адам­гершілік пен ғылымға негізделген жо­ғары мәдениет, өрелі өркениет деп ба­ға­лауымыз қажет. Сол себепті дінімізді мем­ле­кеттік идеологияның ажырамас бір бө­лігі, халықтың өміршең тәрбие көзі, ел ті­регі ретінде танып, ислам құндылықтарын ардақтау, оны игеру, ілгері дамыту бүгінгі жә­не келер ұрпақтың да міндеті деп тү­сі­неміз.

Әлем жұртшылығы әртүрлі дін ұста­на­тын адамдардың үндестік пен өзара сый­лас­тықта өмір сүруінің жан-жақты жол­да­рын қарастыруда. Осы тұрғыдан кел­генде де, Қазақстан – әлем тарихында этно­с­ара­лық және конфессияаралық келісімді сақ­тау мен дамытудың бірегей үлгісін ұсынып отырған мемлекеттің бірі.

Кез келген ұлттың дiни сенiм бос­тан­ды­ғына шектеу қоюдың наразылық туды­ра­тыны шындық. Ал бұл жағынан еліміз за­йыр­лылық бағытына адал. Яғни діни сенім бостандығы салтанат құрған. Дегенмен таяқтың екі ұшының болатыны тағы бар.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда дін үл­кен күшке айналып келеді. Бірақ сол күш­тің кімнің қолында болуының маңызы зор. Егер ол діни фанатиктердің, яки экс­тре­мистер мен дүмшелердің қолына тисе, әри­не, халық қасірет шегеді. Ал зия­лылар бас­қарса, дін көркейеді, ел өркендей тү­седі. Дін мемлекеттің рухани тіректерінің бі­ріне айналады. Сондықтан қазіргі тар­тысы алмағайып заманда дінге бірлік, ын­ты­мақ өте қажет. Біздің діни мә­се­­лелерге ар­налған түрлі алқалы жиын­дар­да ис­лам­ның гуманизмге негізделген имандылық пен рухани тазалықты ту еткен дін екенін ай­тумен қатар, ынтымақ, бірлік, татулық, са­бырлылық, түсіністікке шақырып, бейбіт, қа­тар өмір сүру баршаның мақсат-мүд­десіне сай келеді деуіміздің себебі де – осында.

Өткен тарихымызға зер салып қарасақ, бас­қаны былай қойғанда, Қазақстанда да ис­лам діні ешқашан, еш уақытта ки­кіл­жің, дүрдараздық түгіл, халықтар арасында тү­сінбестіктің шығуына себепкер бол­маған.

Олай болса, «ғасырлар бойы ха­лық­тар­ды бейбіт өмір сүруге, ынтымаққа, тату­лыққа, діндер арасындағы диалогке, тү­сі­ністікке шақырып, игі қызмет атқарып кел­ген ислам діні, кейбір шетелдік басы­лым­дар айдарлап жүргендей, кенеттен қа­лайша «экстремистік дін» бола қалды?» де­ген ой келеді. Соңғы жылдары ислам дініне жөн­сіз айыптар мен негізсіз кінә тағылып, күстаналануда. Яғни «исла­мис­тер, ислам террористері, экстремистері» деген терминдер БАҚ-та көп қолданылып жүр. «Христианистер, христиан терро­рис­тері, экстремистері» деген терминдерді қол­данбаудың себебі неде» деген сұрақтар туындайды. Әрине, мұның бәріне кейбір елдердегі дін атын жамылып, саяси билікке ұмтылған топтардың іс-әрекеті негіз болып отырғаны баршамызға аян.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қа­зір­­гі дәуір – жаһандану дәуірі. Мұны жа­һан­ды жайпай жаздаған дағдарыс та дә­лел­­дей түсті. Демек, жаһандану «жұт­­­қыншағына» жұтылып, оның алып иі­­рім­деріне тартылып кетпеу үшін бізге оның ақбас толқындарын бағындырып, жү­зе білуге үйрену қажет». Ал жаһандану де­­геніміз – бұл адамның ғылыми және пра­к­­т­икалық қызметін ықпалдастыруға мүм­кіндік беретін дәуірдің ақпараттық бай­ланысын өлшеудің жаңа жүйесі. Жа­һандану адамның өмір сүру ортасының эко­номикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және ақпараттық ортасын өзгеріске ұшы­ратады. Біріншіден, ол ұлттық мүд­де­лер­ді жүзеге асыру аясында елдер арасындағы өзара тәуелділікті ұлғайтса, екіншіден, әлемдік қауымдастықтың тепе-тең дәре­жеде дамуына кері әсерін тигізеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің соңғы өсиеттерінде жаңа әлем тәр­ті­бін белгілеп, адам құқықтарының де­кла­ра­циясын жариялаған десе де болады. Мұсылман діндарларының пікірінше, осыдан бастап адамзат қоғамы жаһан­да­нуға бет алған.

Қазіргі таңдағы әлемдік үдерістерді тал­дай отырып, жаһандану үдерісі тек ке­ңе­йе және тереңдей береді деген тұжырым жасай аламыз. Енді ол кейін қарай кетпейді не­­месе тоқтап қалмайды. Демек, өрке­ниет­тер де өзара кірігу жолымен одан әрі дамиды.

Діни идеялар мен мәдени құн­дылық­тар­дың ағыны осы үдеріспен сүйемелденіп, әлемнің бейнесін өзгертуі де мүмкін, яғни оны біртіндеп біртұтас ғаламдық жүйеге айналдырмақ.

Тағы бір атап өтерлік жайт – отандық ғы­лыми әдебиетте діни және ұлттық қа­тынастар туралы жиі жазады. Яғни көп жағ­дайларда ұлттық мәселені діни мә­селемен және этникалық мәселені кон­фес­сиялық мәселемен шатыстырып алып жа­тады. Егер біз ұлттық діндер мен ұлттық қа­рым-қатынас туралы айтар болсақ, сөз­сіз, әңгіме басқа. Мұндай жағдайларда біз заңды түрде олардың сәйкес келуі мен этностар аясы және діни ұстанымы туралы айта аламыз.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» стратегиясы қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында жа­­рия­­ланғандай, Қазақстан 2050 жылға қа­рай әлемнің ең дамыған отыз елінің қа­тарында болуға тиіс. Ендеше, бұл мұратқа апа­ратын жолдың модернизация мен дәстүр сабақтастығын шебер үйлестіре беруде жатқандығын ұмытпасақ керек.

Әмреқұл ӘБУОВ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының қызметкері, философия ғылымының докторы


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!