Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіліп жатыр

Фотография - Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіліп жатыр

Қазақстандағы ең ұзын сырмақ 25 маусымда дайын болады екен.

764 0

Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіліп жатыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі жеке парақшасында хабарлады.

«Жақында осы фейсбук арқылы бір журналист інім, Алматы облысының Текелі қаласында тұрып жатқан, өзі кезінде Қытайдан келген Жұман Зада есімді апамыздың Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіп жатқанын хабарлап еді», деп жариялады Е.Қарин.

Қазақстандағы ең ұзын сырмақ 25 маусымда дайын болады екен.

«Сырмақ дайын болған соң Астанада жаңадан салынып жатқан, 9 қабатты Ұлттық тарих мұражайына тапсырмаса, сақтайтын жердің өзін табу қиын шығар», - дейді Е.Қарин.

Уикипедияның қазақша нұсқасында сырмаққа мынадай сипаттама берілген: киізден жасалып, өрнектелген қазақтың төсеніштері, көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!