Шетелде емделуге бөлінетін қаржы ұлғайды

Фотография - Шетелде емделуге бөлінетін қаржы ұлғайды

2013 жылы шетелде емделуге бөлінетін қаржы 1 млрд теңгеге ұлғайды. Қазіргі уақытта шетелде емделуге 161 науқас кезекте тұр. Оның ішінде 133 науқасқа органдарды ауырстыру қажеттілігі туындап отыр деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

190 0

2013 жылы шетелде емделуге бөлінетін қаржы 1 млрд теңгеге ұлғайды. Қазіргі уақытта шетелде емделуге 161 науқас кезекте тұр. Оның ішінде 133 науқасқа органдарды ауырстыру қажеттілігі туындап отыр деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Органдарды және тіндерді ауыстыру мәселесі қаржыға келіп тіреледі. Лайықты донорды табу тіпті күрделі мәселе. Оларды іздеу 6 айдан 2-3 жылға дейін созылады дейді ведмоства басшылығы.

Бұрын науқастар донор табылғаннан кейін шетелге емделуге баратын болса, енді барлық науқастар бір мезетте емделудің І-ші кезеңіне барады. Алғашқы кезеңде науқастар тексеріледі және донор іздейді. Донор табылған уақытта науқас емделудің ІІ-кезеңін бастайды.

Министрліктің мәлімдеуінше, шетелде емделушілердің кезегі азая түскен. Денсаулық министрлігі тарапынан Ұлттық ғылыми медициналық орталық құрылған. Орталықта шетелдік мамандармен бірге телемедициналық кеңестер беріледі. Сонымен қатар, шетелдік кемі 2 мекемеде (науқастар 1-уін өзі таңдайды Авт.) емделу шығындарын анықтап, медициналық қорытынды береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы осы бағытқа 678,5 млн теңге бөлініп, 55 науқас ем алған болатын. Оның ішінде 30 адам бас сүйегі, бүйрек, бауыр трансплантациясын жасаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!