Белгілі заңгер Берік Бекжановтың жаңа кітабы жарық көрді

Фотография - Белгілі заңгер Берік Бекжановтың жаңа кітабы жарық көрді

«Жаңарған уақыт, жаңаша көзқарас» - белгілі заңгер Берік Бекжановтың жаңа кітабы осылай аталады

448 0

«Жаңарған уақыт, жаңаша көзқарас» - белгілі заңгер Берік Бекжановтың жаңа кітабы осылай аталады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты болған кезде Берік Айдарбекұлы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып, заңдардың сапалы шығуына атсалысты. Парламент қабырғасында мемлекеттік тілдің мүддесін қорғап, көкейкесті мәселелер көтерді. Осы сөзіміздің дәлеліндей, заңгердің жаңа кітабында «Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді білсін!» атты мақаласы жарияланып отыр. Осы мақаласында автор ана тіліміздің қоғамдағы рөлі, қолданыс аясындағы олқылықтарды жою туралы айта келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемлекеттік тілдің елімізде өмір сүруші барлық ұлт өкілдерін біріктіруші тіл болуы керек» деген сөзін алға тартқан.

Жаңа жинағында заңгер ел тәуелсіздігі, мемлекет және оның Ата Заңы, құқықтық саясат тұжырымдамасы тақырыптарында ой қозғайды. Айталық, кітап авторы Берік Бекжанов елдің егемендігі туралы ойларын былайша өрбіткен: «Тәуелсіздікке әр ел әрқалай жетеді. Біреу ұрысып жетеді, біреуі тырысып жетеді. Біреуі байбалам сап соғысып жетсе, енді бірі қырғиқабақ тіресіп жетеді. Қалай дегенде де бұл жолдың оңайы жоқ. Ал біз бұл еркіндікке өзіндік - қазақстандық жолмен келдік. Тәуелсіздік - таудай талаптың, көзсіз ерліктің, саналы шешімнің жемісі.»

Бұл жинақта қазіргі қоғамда орын алып отырған саяси мәселелердің заңдық негіздері жайлы түсініктер берілген. Кітапқа алғысөз жазған экономика ғылымдарының докторы, академик Кенжеғали Сағадиев: «Ұлтының ұлық қасиеттерін ұлықтай білетін, қазақы таным-түсінігі мол, қоғамдық сана мен әлеуметтік пікірдің қоғамдағы орнын парақтап, оның саяси-құқықтық жүйедегі үйлесімін оңтайландыру ісіне еңбек сіңіріп жүрген азаматтың соңғы жылдары қалам тербеген тақырыптарын жинақтап, кітап етіп оқырмаған жолдауы құптарлық дүние»,- деп атап өткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!