Діни сауаты жоқ жастар «Жиһад» терминін саясиландырып отыр

Фотография - Діни сауаты жоқ жастар «Жиһад» терминін саясиландырып отыр

Бүгінде терроршылар «жиһад» тұжырымдамасын өздерінің көзқарастарын қолдамайтын жандарды өлтіруін ақтау мақсатында пайдаланады. Қылмыскерлердің бұл тобы жиһадты мұсылманның бір парызындай қабылдап, Алла тағала белгілеп берген бес парызды алтауға шығарып жіберді

222 0

Бүгінде терроршылар «жиһад» тұжырымдамасын өздерінің көзқарастарын қолдамайтын жандарды өлтіруін ақтау мақсатында пайдаланады. Қылмыскерлердің бұл тобы жиһадты мұсылманның бір парызындай қабылдап, Алла тағала белгілеп берген бес парызды алтауға шығарып жіберді.

Бүгін Ақтау қаласында «Ислам және жиһадизм» атты тақырыпта өткен республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осы мәселені айрықша атап өтті.

«Радикалдар, экстремистер мен террористердің түсінігінше, «жаһил» қоғаммен Қиямет қайымға дейін талмай күрес жүргізу керек. Осы үшін олар өздерінше түсіндірілген «жиһад» ұғымын қолданады. Дегенмен, ислам дінінде «қасиетті соғыс» ұғымы жоқ. Ал шариғат бойынша соғыс не әділ, яғни, қорғаныстық сипатта, не әділетсіз, яғни, жаулап алу сипатында болуы мүмкін», - деді Қайрат Лама Шариф.

Оның айтуынша, Құранда «жиһадқа» қатысты аяттардың шығу төркінін зерттеу үшін ең алдымен Мұхаммед пайғамбардың Меккедегі өмірі мен қызметі туралы баяндайтын тарихи деректерге көз жүгірту қажет.

Бұл ретте, Агенттік төрағасы 2017 жылға қарай Қазақстан халқы, соның ішінде жастар, әсіресе, діни негіздегі радикалды идеология ықпалына бейім немесе соған ұшырағандардың экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарымен қамтылатынын хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!