«Үркер» тобының әншісі БҰҰ-на ерікті елші болды

Фотография - «Үркер» тобының әншісі БҰҰ-на ерікті елші болды

Қазақстандық "Үркер" тобының басшысы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды

600 0

Қазақстандық "Үркер" тобының басшысы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды. Мұндай мәліметті meloman.kz таратты.

Белгілі әнші мәртебелі міндетке жақында Алматыда өткен «Алматы үдерісі» - Босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша II Министрлік Конференция барысында тағайындалды.

"Үркердің" негізін қалаушы әртісті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің жоғарғы комиссары (БҰҰ ЖКББ) Антониу Гутерриш арнайы құттықтады.

Айдос 2010 жылдың қараша айынан бері БҰҰ ЖКББ-мен Қазақстандағы Құрметті Патрон ретінде ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ол балалардың музыка мен өнер саласында қосымша білім алу мәселелеріне мән береді.

"Босқындардың көрген күні оңай емес екенін білемін. Сондықтан ерікті елші ретінде олардың өмірін өзгерту бағытында қолымнан келгенді жасаймын",-дейді әнші.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!