Атырауда ҰБТ-да125 балл алған түлектер 1 млн. теңгеден алды

Фотография - Атырауда ҰБТ-да125 балл алған түлектер 1 млн. теңгеден алды

Атырауда ҰБТ қорытындысы бойынша 125 балл жинаған түлектерге 1 млн. теңге көлемінде сыйақылар берілді.

623 0

Атырауда ҰБТ қорытындысы бойынша 125 балл жинаған түлектерге 1 млн. теңге көлемінде сыйақылар берілді.

Ең жоғары балға ие болғандар: Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев пен Ақбөкен Сақтанов. Олардың барлығы Атырау орта-техникалық гимназияның түлектері. Түлектерді облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, әрқайсысына 1 млн. теңгеге сертификаттарды табыс етті. Ал олардың ата-аналары, гимназия директоры және түлектердің сынып жетекшілері Железноводскідегі «Қазақстан геологы» шипажайына жолдамалар алатын болады.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ең жоғары балдарға Қазақстан мектептерінің 7 түлегі ие болды.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!