Таразда бес отбасы мемлекеттік бағдаламамен пәтер алды

Фотография - Таразда бес отбасы мемлекеттік бағдаламамен пәтер алды

Алғашқы бес отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша «Бәйтерек» ықшам ауданында салынып жатқан көпқабатты үйден пәтер алды.

185 0

Алғашқы бес отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша «Бәйтерек» ықшам ауданында салынып жатқан көпқабатты үйден пәтер алды.

Юрий Минаков басқаратын «Жамбылхимқұрылысинжиниринг» ЖШС шеберлерінің жоғары біліктілігі мен мол тәжірибесінің арқасында нысанды мерзімінен бұрын бітруге мүмкіндік берді.

Үйдің сапасы да жақсы. Үш бөлмелі пәтер кілтін алған «Қазгидромет» РМК заңгері Вадим Черняховский мен оның әйелі №14 балабақшада денешынықтыру пәнінің мұғалімі Оксана Логинова пәтердің сапасы мен жайлығына дән риза. Үйдің жоспары жаңа, бөлмелер кең әрі жарық, жалпы алғанда бәрі керемет.

Екі бөлмелі пәтер алған «Таразтехбайқау» компаниясының операторы Жасұлан Жаналиев пен оның жары №1 қалалық балалар ауруханасының медбикесі Шәрбану екі жылдан бері бұл күнді асыға күтті.

Ал тамыз айында «Агроспецстрой» 70-пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтайды.

 


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!