Toyota қазақстандық компанияны сотқа берді

Фотография - Toyota қазақстандық компанияны сотқа берді

Қазақстандық TSP қосалқы бөлшектер дүкендер желісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды

271 0

Қазақстандық TSP қосалқы бөлшектер дүкендер желісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды.

«Toyota Motor Corporation» компаниясының хабарлауынша, сұр түсті TSP қосалқы бөлшектерімен жабдықтаушы өз дүкендеріне ілген жарнамаларда Toyota белгілерін үнемі заңсыз пайдаланады.

Бұдан бөлек, жапон компаниясы Алматыдағы «Car City» сауда орталығында жасанды қосалқы бөлшектер сатып келген бірнеше саудагермен Toyota тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін сотқа бермек.

Заң бұзғандар 10-нан 100 АЕК дейін айыппұл төлеуі мүмкін, сондай-ақ контрафактілік тауарлар тәркіленіп, жойылады.

«Toyota Motor Corporation» егер кәсіпкерлер заң бұзғандарын мұнымен де доғармаса, компания қаржы полициясына жүгінбек. Мұндай жағдайда компанияның құқықтарын бұзған саудагерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!