Алматыда «халал» шұжықтан шошқа майы табылды

Фотография - Алматыда «халал» шұжықтан шошқа майы табылды

 Алматыда халал шұжық құрамынан шошқа майы табылды.«Ата дәстүр мұрагері» тұтынушылардың құқын қорғау қоғамдық қорының мүше-корреспонденті Арманғазы Мұратов мәлімдеген. 

286 0

 Алматыда халал шұжық құрамынан шошқа майы табылды.«Ата дәстүр мұрагері» тұтынушылардың құқын қорғау қоғамдық қорының мүше-корреспонденті Арманғазы Мұратов мәлімдеген. 

Егер өнімде «халал» деген белгі болса, онда мұндай өнім шошқа өніміне ешбір қатысы болмауы керек, - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, тұтынушылар нарықта саудаланып жатқан төрт түрлі шұжық өнімдеріне тесттік жүйе бойынша текеру жүргізген. Өздернің жүргізген зерттеу-тексеруі барысында «халал» таңбасы бар төртеудің екеуінің құрамында шошқа майыының бар екендігі анықталған. Шағымданушылар өнім өндірушілерге жағдайды айта барып: «шұжықтың халал екенін дәлелдесін немесе сыртында көрсетілген «халал» жазуын алып тастасын. Ал соның қатарында «Особая» деп аталатын шұжық өнімдері бар» - дейді А. Мұратов.

Сонымен қатар, өндірушінің тұтынушылар құқын бұзғандығы дәлелденген жағдайда сот шешімімен мұсылмандар сеніміне селкеу түсіргені үшін 200 АЕК (346 мың теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.

 


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!