Көліктегі шикізатты қадағалау күшейе түспек

Фотография - Көліктегі шикізатты қадағалау күшейе түспек

Таяуда Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиевтің жетекшілік етуімен көліктегі құқық қорғау мен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және бекіту мақсатында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

283 0

Таяуда Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиевтің жетекшілік етуімен көліктегі құқық қорғау мен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және бекіту мақсатында Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Онда ҚР шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, қара және түрлі түсті металл шикізаттарын өндіріп, өңдеудің өткен жылғы көрсеткіштеріне сараптама жүргізіліп, стратегиялық тұрғыдан экономикамыздың негізгі тірегі болып табылатын өнімдерді бақылауда ұстаудың түрлі тетіктері тақырып талқысына түсті.

Құқық қорғау органдарының өкілдері заңсыз өндіріліп, өңдеген немесе тасымалданған шикізат өнімдерінен мемлекет қоржынына келген материалдық шығын көлемі мен экономикалық шығындар шамасын да есептеп шығарған. Атап айтар болсақ, өткен жылдың өзінде ғана мұнай немесе мұнай өнімдеріне қатысты келтірілген шығын көлемі 12,5 млрд. теңгеге жуықтаған.

Осындай олқылықтардың алдын алу мен атқарылатын шаруаларды пысықтай түсуде мұндай кеңестердің керек екендігін атап өткен сала мамандары, келешекте заңның кейбір тармақтары жетілдіре түсуді талап ететіндігі сөз болды. Бұл ретте тексеру, бақылау белсенділігін арттыра түсу мақсатында көліктегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жайында арнайы шешім қабылдау қажеттілгі де нақтыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!