Ғалымдар Шілікті қорғанынан табылған сақ патшасын қайта жерлеуге мәжбүр

Фотография - Ғалымдар Шілікті қорғанынан табылған сақ патшасын қайта жерлеуге мәжбүр

Аталмыш аймақта 2003 жылы екінші алтын адамның сүйегі табылған болатын.

290 0

Шілікті қорғанынан табылған сақ патшасы қайта жерленетін болды! Бүгін Алматыда бас қосқан бір топ зерттеушілер осындай ұйғарымға келіпті. Өйткені, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көне қорымның қазылғанынан кейін үш бірдей ауылдың басынан бұлт сейілмегенін айтып, талай шағым түсірген. Естеріңізде болса, аталмыш аймақта 2003 жылы екінші алтын адамның сүйегі табылған болатын.

Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті жазығы. Дәл осы жерден екінші алтын адам табылған еді. 2003 жылы қазба жұмыстарын жүргізген археологтар 4300-ден аса құйма алтын мен сақ патшасының сүйегін қазып алған. Көне қорымнан шыққан тарихи құнды жәдігерлер сол жылы-ақ Астанаға жөнелтілген болатын.

Қадірбек Сегізбаев, жазушы:

- Енді оны қазып алыу, біздің ғалымдардың қатесі болар, басқасы болар. Енді жұртқа осындай адам болғанын айтты, көрсетті. Бірақ, құрметтеп қайта мүсінін жасағаннан кейін апарып жерлеу керек еді ғой. Бізде қазір сүйектерді ашып-шашып кетуде жауапкершілік аздау болып кетті.

Жергілікті тұрғындардың ашуына тиген де осы. Айтуларынша, содан бері қорғанға жақын маңда орналасқан үш бірдей ауылды қарғыс атқан. Тіпті, аймақта соңғы кезде жиілеп кеткен табиғи құбылыстар мен жұтты да жұрт осымен байланыстырып отыр.

Сағымжан Шажаев, Тасбастау ауылының тұрғыны:

- Мына жер міне алаң ашық жатыр. Малдың топыры. Содан бері осы жер бұзылды. Боран, дауыл, ана Тасбастауды 2010 жылы су алды. Осыған жоғары жақтағылардың жаны ашитын ешкім жоқ.

Қазба жұмыстары барысында табылған сүйектің нақ Сақ патшасы екені жанындағы алтын әшекейлер мен ат әбзелдері бойынша дәлелденген. Ал өңірдегі қуаншылық пен жұт осы қазба жұмыстарының кесірі дегенге мамандар келіспейді. Десе де, тұрғындардың талабын ескеріп, патшаның сүйегін қайта жерлеуге келісіп отыр.

Айнагүл Смағұлова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының антропологы:

- Егер жұрттың қалауы сол болса, жерленеді. Ал ғылыми тұрғыда қарасаңыз бұл мемлекеттік, тарихи маңызы зор сүйек. Сондықтан, біз жағдайды ушықтырмас үшін келісіп отырмыз. Бірақ, қандай да бір мағлұмат керек жағдайда қайта қазылуы ғажап емес.

Ал әзірге патша сүйегідіни жоралғысыз жерленбек. Дегенмен тұрғындар бір ырымын жасамақ әйтеуір.

Тілепберген Алламжарұлы, имам:

- Діни рәсімде бүгінгі күні бұл адамды жерлеген кезінде ақ матаға орап, денеге құрмет көрсету белгісімен жерленеді. Ақсақалдардың өтініші бойынша дұғалар тіленеді. Табиғаттың түрлі құбылысынан сақтасын деп Алладағ дұға тілеуге болады.

Тарихи сәтінен гөрі айқайы көп болған сақ патшасы алдағы апта, нақтыласақ 30 маусым күні табылған орны Шілікті қорғанына қайта қойылмақ. Ал орнын ашық аспан астындағы үлкен мұражайға айналдыру жоспарланып отыр.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!