Павлодарда 114 млн теңгеге ағаш егіледі

Фотография - Павлодарда 114 млн теңгеге ағаш егіледі

деп хабарлайды қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Д.Жалмағамбетов.

102 0

Павлодар қаласының көшелеріне 114 млн теңгеге ағаш көшеттері егіледі, деп хабарлайды қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Д.Жалмағамбетов.

«Бастапқыда ТКШ бөліміне ағаш егу жұмыстарына 58 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 3 мың 54 тал ағаш егілді. Алайда облыс әкімі Ерлан Арынның тапсырмасымен 2 857 ағаш егу үшін қосымша тағы 56 млн теңге бөлінді»,-деді Д.Жалмағамбетов.

«Осылайша, биылғы жазда 5 911 ағаш егіледі. Қазіргі таңда қалада 2 мыңнан астам ағаш егілді, дені қарағай мен шырша»,-деп түсіндірді ол.

2012 жылы Павлодарда 3 мың 100 тал ағаш егілген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!