Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады

Фотография - Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады

Бұған үстіміздегі жылғы 14 ақпанда облыстың Қармақшы ауданында жантүршігерлік оқиға - 7 жасар қыз баланың зорлап өлтірілген қылмыстық оқиғасының орын алғаны себеп болды

207 0

Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған үстіміздегі жылғы 14 ақпанда облыстың Қармақшы ауданында жантүршігерлік оқиға - 7 жасар қыз баланың зорлап өлтірілген қылмыстық оқиғасының орын алғаны себеп болды. Кеңеске қатысушылар қылмыстың орын алу желісіне байланысты бейне-роликті көріп шықты. Онда Жосалы кентінің құлағы естімейтін 25 жастағы мүкіс тұрғынының мектептен үйіне қайтып келе жатқан кішкентай қызды қалай зорлап, қалай өлтіргені туралы баяндалады. Қайғыдан қара жамылған ата-аналар қаныпезерге өлім жазасы берілуін талап етеді.

Облыс прокурорының орынбасары Руслан Райханов аталған іске байланысты хабардар етті. Ал облыстық білім беру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Құралай Ерташова кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты қолға алынып жатқан шаралар жайында әңгімеледі.

Жиында Қырымбек Көшербаев: «Біз балалардың жан-жақты дамулары үшін, ең бастысы, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін қолдан келген барлық шараларды жасауымыз керек», - деді. Облыс әкіміне аймақтағы бірқатар үкіметтік емес ұйымдардан алдағы уақытта мұндай оқиғалардың бірде-бірі болмайтын жағдай қалыптастыру жөнінде тілек-өтініштер келіп түсіпті. Осыған байланысты аймақ басшысы алдағы 1 шілдеден бастап облыс әкімдігі жанынан балалардың құқықтарын қорғау басқармасының құрылатынын жеткізді. Жаңа басқарманың бағынысына балалар үйлері, жасөспірімдер үйлері және облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы секілді құрылымдар беріледі. Аймақ басшысы облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық білім беру басқармасына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайсыз отбасыларында тұратын балалардың тізімін жасау, олардың тыныс-тіршіліктертін күнделікті бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен қатар алдағы уақытта ата-ананың қарауынсыз қалған немесе заңсыз еңбекке жегіліп жүрген балаларды анықтау мақсатында тұрақты рейдтер жүргізіп тұру тапсырылды. Ал шілде айында балалардың құқығын қорғау басқармасының бірінші жиыны өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!