Павлодарда Ертіс жағалауы Wi-Fi аймағына айналады

Фотография - Павлодарда Ертіс жағалауы Wi-Fi аймағына айналады

деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ Павлодар филиалының директоры Абылай Сейтжанов.

316 0

Павлодардағы Ертіс жағалауы мен Баянауыл ұлттық паркіндегі Жасыбай көлі Wi-Fi аймағына айналады, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ Павлодар филиалының директоры Абылай Сейтжанов.

А.Сейтжановтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта байланыс қызметкерлері өңірдегі адам көп жиналатын аумақты Wi-Fi желісімен қамту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл орындардың бірі – Павлодардағы Ертіс жағалауы, мұнда жылдың кез-келген мезгілінде адам қарасы көп болады. Екіншісі – Баянауыл ұлттық паркі Жасыбай көліндегі демалыс аймағы. Аталған демалыс орнына жаз мезгілінде тек павлодарлықтар мен қазақстандықтар ғана емес, шетелдік азаматтар да келеді.

«Қазақтелеком» АҚ ПОФ директоры атап өткендей, аталған орындарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз ететін техникалық мүмкіндіктер бар. Енді қаржыландыру мәселесін шешу ғана қалды. Сымсыз интернетті енгізуге арналған қаржы жергілікті бюджеттен бөлінуі мүмкін.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!