Каспий жағалауында шағала қырылды

Фотография - Каспий жағалауында шағала қырылды

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шальга аралында 1200 өлі шағала табылды

144 0


Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шальга аралында 1200 өлі шағала табылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Атырау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиевтің айтуынша, шағалалардың жаппай қырылғаны өткен аптаның соңында мәлім болған.

Оның сөзіне қарағанда, өлген бірнеше құстың денесі ауыл шаруашылғы министрлігінің ветеринарлық зертханасының облыстық филиалына тексеруге жіберілген.

"Бір-екі күнде сараптама қорытындысы шығады. Құстардың не себепті жаппай қырылғаны сонда белгілі болмақ. Содан кейін ғана табиғатты қорғауға құзырлы органдардың әрекетіне баға беріліп, шара көріледі" дейді Өтеулиев.

Каспий теңізінің жағалауларында бұған дейін бірнеше рет өлі итбалықтар табылған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!