Бірнеше журналист кіші қажылыққа сертификат алды

Фотография - Бірнеше журналист кіші қажылыққа сертификат алды

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ізгілік жаршысы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады

161 0

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ізгілік жаршысы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Нұрлытай Үркімбай, Есболат Айдабосын, Серікбол Хасанға кіші (умра) қажылыққа сертификат табыс етті.

«Кіші қажылыққа баратын журналистер санын алдағы уақытта онға дейін жеткізбекпіз. Ғибадат деген өте бір керемет нәрсе. Жалпы намаз оқып жүрген адамда «мен намаз оқимын, анау неге оқымайды» деген пікір болмауы керек. Ол оқып жүрген нәрсеңді Алла тағалаға міндетсіну. Намаз оқуды біреу ерте, біреу кеш бастауы мүмкін», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Е.Малғажыұлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!