Жүрегім – әйелге, Денем – жерге, Жерім – ұрпағыма, Арым – ешкімге

Фотография - Жүрегім – әйелге, Денем – жерге, Жерім – ұрпағыма, Арым – ешкімге

Бұл – әлемнің төрт бұрышын 6 ғасыр билеген Осман ұлдары ұстанған қағида. Ал бүгін Астанадағы «Атамекен» Этно-мемориалдық кешенінде Кәріс Этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ХХІ ғасырдағы Идея және Модель» атты дөңгелек үстелге жиналғандар Қазақстанның бейбіт те жарқын бүгінін баянды болашаққа жалғау үшін қандай қағиданы ұстануы керектігін талқылады.

283 0

«Осыдан дәл 15 жыл бұрын тәуелсіздігімізді жаңадан алып, қадамымыз енді ғана нығайып келе жатқан кезеңде Президентіміз Н.Назарбаев ел астанасын Ақмолаға көшіру идеясын ортаға салды. Алғашында, ә дегеннен абдырап қалғанымыз, аз ғана үнсіздіктен кейін «жай бір қиялдан туған дүние ғой, мақұлдасақ неміз кетеді», деп бір ауыздан ел басшысын қолдағанымыз шындық. Енді міне сол бір қиялдан туған дүние – бүгінде аты шартарапқа жайылған көрікті Астанаға айналып отыр», - деген «Нұр Отан» ХДП өкілі, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қазыбек Қазкенов бірқатар идеялар мен модельдерді ұсынды.

Бүгінгі күні жұмыс істеймін деген адамның «екі қолына бір кетпен» қайда барса да табылады. Алайда, бізді құртып отырғаны жалқаулық. Жастарымыз нарықта сұранысқа жоқ мамандықтарды оқып, артынан жұмыс таппай отыратыны бар. Мәселен, жыл сайын 5000 дипломат, 15000 заңгер және қисапсыз экономистер дайындалады, ал оның 10 пайызы ғана жұмысқа орналасады. Мамандықты дұрыс таңдамаудың қасіреті – елімізде жұмыссыздардың артуына алып келеді.

Естеріңізде болса, Мысыр президенті Хосни Мубаракты тақтан тайдырғандар жоғары білімді оқыған жастар болатын. Бүгінгі жеткен жетістігімізді баянды ету үшін «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», жұмыла қызмет атқаруымыз керек. Бұл үшін мамандықты дұрыс таңдай білудің орны ерекше, дейді Қазкенов.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!