Семейде республикалық әскери-спорттық ойындарының ашылу салтанаты өтті

Фотография - Семейде республикалық әскери-спорттық ойындарының ашылу салтанаты өтті

Абай елінде басталған биылғы спорттық сайысқа еліміздің Астана және Алматы қалалары бастаған облыстардан 16 команда қатысуда.

173 0

Абай елінде басталған биылғы спорттық сайысқа еліміздің Астана және Алматы қалалары бастаған облыстардан 16 команда қатысуда. Ойынның өтуіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы ұйытқы болды.

«Жас Ұлан» республикалық әскери-спорттық ойындарының салтанатты ашылуына зиялы қауым өкілдері мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылары және облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты.

Салтанатты шараға жиналғандарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының директоры Үміт Жексенбаева, осындай ойындарды ұйымдастыра отырып, әскери-патриоттық тәрбиені насихаттайтынын жеткізіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қонақтар мен Жасұландықтар әскери қойылымдарды тамашалады. Шара соңында қатысушылар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.

Жарыс бағдарламасы бойынша ел тыныштығын сақтайтын Отан қорғаушы болуды арман ететін сайыскерлер белтемірге тартылып, суға жүзеді. Сонымен қатар қару құрастырып, мергендіктерін сынайтын болады.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!