Астананың айналасы жасанды таумен қоршалуы мүмкін

Фотография - Астананың айналасы жасанды таумен қоршалуы мүмкін

Астананың ландшафтты студияларының бірінің сәулетшілері қаланы айналдыра таумен қоршауды ұсынды.

218 0

Астананың ландшафтты студияларының бірінің сәулетшілері қаланы айналдыра таумен қоршауды ұсынды.

«Жасанды таулар болған жерде жер сілкінісі болмайды. Бұл тауларды Алматының тауларымен салыстыруға келмейді әрине. Сонда да болса, өзіндік ерекшелікке ие боларына күмәнім жоқ. Арқалық қаласының маңында боксит өндірілген орында қалдықтар тау боп үйіліп жатыр», - дейді дизайн студиясының директоры Асылжан Қанышбеков.


Сәулетшілердің айтуынша, қарапайым топырақтан тау жасау қымбатқа түспейді, есесіне қаламыз көркейе түседі. Биіктігі 1000 метрден жоғары 3-4 жасанды тау ерекше әрі қызықты жоба болар еді. Тауды үйіп қана қоймай, оны көгалдандыруға да болады. Бұл жобаға көп ақша кетпейді, бар-жоғы 40-50 миллион доллар жұмсалады. Тауды тұрғызуға шамамен 300 миллион текше метр топырақ кетеді, дейді Қанышбеков.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!