Ораза ұстау мен қажылыққа баруды брендке айналдырып жібердік

Фотография - Ораза ұстау мен қажылыққа баруды брендке айналдырып жібердік

Шындығында, Құдайға сену терең рухани түсінікті талап етеді

322 0

Бүгін Астанада ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Діни бірлестіктер өкілдерінің конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық тәжірибесін насихаттаудағы рөлі» атты республикалық семинарда дінтанушы ғалым Аманбек Мұқашев осылай деп пікірін білдірді.

«Біз мұсылмандық жолды ұстану дегенді шатастырып алдық. Ораза ұстау мен қажылыққа баруды брендке айналдырып жібердік. Шындығында, Құдайға сену терең рухани түсінікті талап етеді. Біз осыны білуге тиістіміз. Дін сән үшін емес, дін бізге рухани қалыптасуымыз үшін қажет. Тағы бірнәрсе, дінді биліктен алшақтатуға болмайды. Билік пен дін бірлесіп жұмыс жасауы керек. Мұның бәрі елдің тыныштығы мен болашағы үшін аса маңызды» деп атап өтті өз баяндамасында дінтанушы ғалым.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!