Энергия үнемдеу мен таза экология егіз ұғымға айналып келеді

Фотография - Энергия үнемдеу мен таза экология егіз ұғымға айналып келеді

Елордамыздағы Тәуелсіздік сарайында «Мэрлер келісімі – жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейлерде энергетиканы тұрақты дамытуға бара жол» тақырыбында аймақтық форум өтіп жатыр.

440 0

Елордамыздағы Тәуелсіздік сарайында «Мэрлер келісімі – жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейлерде энергетиканы тұрақты дамытуға бара жол» тақырыбында аймақтық форум өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты «Мэрлер Келсімі – Шығыс» Инициативасы барысындағы жергілікті және аймақтық деңгейдегі тұрақты энергетикалық дамуындағы муниципалитеттер жетістіктерінің табысты серіктестік пен практикалық тәжірибенің алмасуын көрсету.

- Бастамаға қатысып отырған қалаларға энергияны тұтыну көлемі мен энергияны үнемдеу бағдарламасын қолданысқа енгізу арқылы парникті газдардың шығарындыларының мөлшерін 20%-ға төмендету міндеттемесі жүктеліп отыр. Мұның нәтижесінде қаражат үнемделеді, әрі бұл қалалардағы өмір сапасы да арта түспек, - дейді форум қатысушылары.

Өткен жылы Келісім жетекшілері Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды жұмыс бастап, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістан астаналарында бірнеше презентация ұйымдастырған.

Ал осы жылы наурызда, Ақсу қалалық маслихатының 14-ші сессиясында, қаланың «Мэрлер Келісіміне» қол қоюға ресми шешім қабылданып, Павлодар облысындағы Ақсу қаласы Қазақстан Республикасындағы «Мэрлер Келісіміне» қол қойған алғашқы қала болып табылды.

3-ші мамырда Астана қалалық маслихатының кезекті отырысында, депутаттар Инициативаға қосылудың идеясын қолдады. Осы Инициатива Қазастан Республикасының астанасын Тбилиси, Кишинев және Киевпен қоса Шығыс Аумағының астаналары клубының құрметті мүшесі болып айқындалды.

Қазіргі күні Келісімге қол қойған муниципалитеттердің жалпы саны 4800, сонымен қатар Орталық Азия мен Еуропалық көршілес 50 елдерден асады.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!