Астана күнінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері коғамдық тәртіпті қадағалайды

Фотография - Астана күнінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері коғамдық тәртіпті қадағалайды

Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

191 0

Астана күнін мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті және тұрғындар мен меймандардың қауіпсіздігін сақтау үшін елордалық ІІД тиісті шараларды қабылдап отыр.

Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала көшелерінде сақшылық ету бағытында патрульдік жасақтар кезекшілігінің саны арттырылды. Бекітілген әкімшілік учаскелердегі учаскелік инспекторлардың жұмысы күшейтілмек. Туындауы ықтимал қоғамқа қарсы жайттардың алдын алу шаралары іске асырылды.

Қызмет күшейтілген тәртіпте жүргізіледі. Жалпы 2 мыңға жуық қызметкер, 200-ден астам қызметтік көлік, 2 мың турникет, тікұшақ және арнайы техника қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылмақ.

Мейрам күндері шаралар өткізілетін орындарда полицияның күшейтілген жасақтары кезекшілік етеді. Шараларды ұйымдастыруға арналған сахналық және дыбыстық құрал-жабдықтар тәуліктік бақылауға алынған.

Кезекшілік бағдары мерекелік шаралар өткізілетін жерлерге барынша жақындатылды. Ал криминалдық полиция қызметкерлері жеке жоспар бойынша шұғыл шараларды қолға алды, жол сақшылары қозғалысты қадағалау жұмыстарын күшейтіп отыр.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!