Бүгін Алматыдағы жол-көлік апатынан көз жұмған бензовоздың жүргізушісі жерленеді

Фотография - Бүгін Алматыдағы жол-көлік апатынан көз жұмған бензовоздың жүргізушісі жерленеді

Бүгін Алматы облысының Іле ауданында кеше Алматының Сейфуллин және Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы жол-көлік апатынан көз жұмған 27 жастағы бензовоздың жүргізушісін жер қойнына тапсыру рәсімі өтеді.

175 0

«Кейбір БАҚ-тар оның артында кәмелеттік жасқа толмаған балалары қалды деп жазып жатыр. Жүргізушінің аты-жөнін айта алмаймыз, дегенмен бірқатар медициналық және сот сараптамалары белгіленгенін жеткізгім келеді», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Болтаев.

Бұл сараптамалардың нәтижесі бойынша қылмыстық жауапкершілікке кім тартылатыны анықталады.

«Егер көліктің ақауы болғаны анықталса, бензовоздың техникалық жағдайына жауап беретін адамдар жазаға тартылады. Кінәлілер Қылмыстық кодекстің 298 бабы, 3 тармағы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Е.Болтаев.

bnews.kz сайтынан

Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!