Tалдықорғанда Жол полициясы басшысына қарсы тағы бір билборд ілінді

Фотография - Tалдықорғанда Жол полициясы басшысына қарсы тағы бір билборд ілінді

Қаладағы жүргізушілер қауымдастығы 2 күн бұрын дәл осындай жарнама тақта орнатқан. Алайда оны сол түні белгісіз біреулер алып тастапты. 

146 0

Халық сенімінен айырылған басшы керек емес. Талдықорғанда қалалық Жол полициясы басшысы Айдарбек Намазбаевтың жұмыстан кетуін талап еткен тағы бір билборд ілінді. Қаладағы жүргізушілер қауымдастығы 2 күн бұрын дәл осындай жарнама тақта орнатқан. Алайда оны сол түні белгісіз біреулер алып тастапты. 

Бұл жағдай ұйымдастырушылардың ызасын туғызып, тағы бір үндеуді жариялауға итермеледі. Олар жол полицейлерінің жүргізушілерді мансабына қарай бөлетініне наразы.

Бауыржан Әбдірасов, жүргізушілер қауымдастығының мүшесі:

- Неліктен мұндай әрекетке барды дейтін шығарсыздар? Өйткені, мемлекеттік номер таққан әкімдік, прокуратура өкілдері, соттар мен полицейлердің бәрі қауіпсіздік белдігін тақпайды. Біз заң алдында бәрінің тең болғанын қалаймыз.

Ал даудың себепшісі – қалалық Жол полициясының басшысы Айдарбек Намазбаев өзін қаралағандардың үстінен сотқа арызданыпты.

Айдарбек Намазбаев, Талдықорған қалалық ІІБ Жол полиция бөлімінің басшысы:

- Менің қызметіме халық баға бермейді. Өз басшыларым бар. Жұмысымды сынауға солар ғана құқылы.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!