Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешіті апатты жағдайда

Фотография - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешіті апатты жағдайда

"Яссауи кесенесін қорғау" қоғамдық қоры Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, дабыл қағуда.

1388 0

"Яссауи кесенесін қорғау" қоғамдық қоры Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің апатты жағдайда тұрғанын айтып, дабыл қағуда. Олардың пікірінше тарихи нысан мұндай халге бір емес, бірнеше рет жөндеу жүргізілгеннен соң душар болған. Юнесконың қорғауына алынған еліміз үшін құнды ғимараттың бүгінгі жағдайы жайлы осы өңірдегі тілшіміз әңгімелейді. 

Бүгінде нысанның ішіндегі желдеткіш жүйелері бітеліп, ауа алмасу жүйесі нашарлапты. Сондай-ақ, жарық түсіп тұратын бірқатар терезе, есік жабылғаннан бөлмелер дымқыл тарта бастаған. Ғимараттың мұндай халге түсуіне кесенені қалпына келтіру жұмыстары түрткі болды дейді мамандар.

ЖАНТЕМІР ӘЛІМОВ, «ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ҚОРҒАУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қырық шақты, елу шақты есік,терезе жабылған. Төбе де жабылған. Жан- жағы да жабылған. Сырт жағынан минаретке шығатын екі есік бар еді. Ол да қаланып тасталған. Бұның кесірі кесенені құздандыруға тиіп жатыр. Құзданып, өзінен-өзі тұзданып кесенені құлатуға алып барып жатыр да.

Бұл жағдайды мұражай ұжымы да растап отыр. Олардың айтуынша алғашында «Қазқайтажөндеу» мекемесі сегіз жыл бойы жөндеу жүргізген. Содан соң түрік фирмасы іргетасын жаңалапты. Бірақ, талай ғасыр қабырғасына қыл түспеген кесененің осы жөндеулерден кейін, күмбезіндегі өрнектері мен қыштары үгітіле бастаған.

СӘРСЕНБАЙ АХМЕТОВ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Одан бөлек мына кесенің іргетасында гидроизоляция жасалынбаған. Түріктер жасап кеткен кезде 14 метрлік свайлар құйылған. Бірақ сол фундаментпенен қабырғаның арасында гидроизоляция жасалынбаған.

Ғалымдар көне нысанның мұндай күйге түсуіне желдеткіштердің бітелуі себеп болды дейді. Тіпті олар осы мәселе бойынша Мәдениет министрлігіне бірнеше рет хат жолдаған. Ал, «Қазқайтажөндеу» мекемесінің мамандары болса желдеткіштер жөндеуден бұрын-ақ жабылып қалғанын айтады.

НҰРҒАЛИ ИМАЖАНОВ, «ҚАЗАҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ» ММ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Ал іргетас жайлы айтатын болсақ, 2000 жылдары Түрік фирмасының істеген іргетасы су тартады дегенге мен сенбеймін. Өйткені біздің бақылауымыз бойынша онай келіп жатқан ылғалдық жоқ. Бұрынғы мавзолейдің қабырғаларының отыруы тоқтатылды.

АРАЙ ЕСЕНБЕК, тілші:

- Кесенені жөндеу жұмыстары әлі күнге жалғасуда. Соған қарамастан XIV ғасырларда бой түзеген нысанға келушілердің қатары қалың. Тек байлығымыз,барымызды немқұрайлықтың салдарынан айырылып қалмасақ болғаны.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!