Алматы облысында 20 мыңдай отбасы баспанамен қамтылады

Фотография - Алматы облысында 20 мыңдай отбасы баспанамен қамтылады

ұл туралы облыстық құрылыс басқармасы хабарлады.

164 0

2020 жылға қарай Алматы облысында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 20 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы хабарлады.

Басқарма басшысының орынбасары М.Батқаловтың сөзіне қарағанда, қазір мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 14,6 мың адам тұр, олардың 5,2 мыңы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері. 9 мыңнан астамы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары.

2020 жылға дейін мембағдарлама аясында 7,3 млн ш.м. баспана салынады. Оның ішінде 239,4 мың ш.м.-несиеге, 195,5 мың ш.м. жалға беріледі. Жас отбасыларына 138,1 мың ш.м баспана жалға беріледі деп жоспарланған. «ҚИК» АҚ арқылы 173,9 мың ш.м. жалға берілетін баспана тұрғызылады. Бұған қоса «Самұрық-Қазына» АҚ 552,6 мың ш.м. тұрғын үй салады.

«Осылайша, 2020 жылға қарай 20 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады»,-деді М.Батқалов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!