Жүргізуші куәлігін енді электронды үкімет порталынан алуға болады

Фотография - Жүргізуші куәлігін енді электронды үкімет порталынан алуға болады

 Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған жағдайда оны www.egov.kz порталы арқылы алуға болады.

380 0

 Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған жағдайда оны www.egov.kz порталы арқылы алуға болады.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жағдайда көлік иелеріне жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімдеріне бару қажеттілігі жоқ.

Е-үкімет арқылы өтініш беру рәсімі қиын емес: азамат порталда тіркеліп, керекті бағаналарды толтырып, сканерден өткізілген фотосуретті бекітіп, электронды цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қояды. Фотосуреттің талап етілген параметрлерге сәйкес келуі өте маңызды, әйтпесе, өтініш берушінің жеке кабинетіне себебін түсіндірген бас тарту хабарламасы келеді.

Онлайн өтініш жіберілгеннен кейін, жүргізуші құжаттарымен (басып шығарылған хабарлама, қызмет көрсетуді төлегенділігі жайлы чек, ескі жүргізуші куәлігі, жеке куәлік, психиатриялық және наркологиялық диспансер анықтамалары, №083 медициналық анықтама), жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін, мамандандырылған ХҚКО өтуі қажет.

Онлайн өтінішті куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде ғана беруге болады. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен куәліктерді ауыстыру өтініштері порталда қабылданбайды. Ондай жағдайларда жүргізушілер жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімдеріне немесе мамандандырылған ХҚКО-на барулары тиіс.

«Жүргізуші куәлігін алу» электрондық қызметі пилоттық режимде Алматы, Қарағанды және Ақтау қалаларында іске қосылды. Бүгінгі күнде, осы тәсілмен 70-тен аса қазақстандық өздерінің куәліктерін ауыстырды.

Толығырақ ақпаратты мына жерден, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!