Өртенген бензовоздың GPS-навигаторынан алынған мәліметтер жарияланды

Фотография - Өртенген бензовоздың GPS-навигаторынан алынған мәліметтер жарияланды

Helios Компаниясы Алматыда жарылған бензовоздың GPS-навигаторынан алынған мәліметтерді жариялады

137 0

Helios Компаниясы Алматыда жарылған бензовоздың GPS-навигаторынан алынған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды «31 арна».

Аспаптың көрсеткіштеріне жүгінсек, бензовоз жол бойымен келе жатып, жылдамдықты біртіндеп бәсеңдеткен. «Сейфуллин-Абай көшелерінің қиылысы, сағат 9:55, жылдамдығы сағатына 48,5 шақырым, Сейфуллин-Құрманғазы – 45,5 шақырым, Сейфуллин-Шевченко – 40,7 шақырым, ал апат болған жерде жылдамдық сағатына 41,1 шақырымға дейін түскен, деп мәлімдеді компанияның маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Трандафилов.

Қазіргі уақытта апаттың себебін арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр. Егер қытайда шығарылған бензовоздың тежегіші істен шыққан болса, Александр Горюновтың отбасына сақтандыру беріледі.

Helios компаниясының бензовозы 27 маусым күні Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жарылған. Жарылыстан кейін өрт шығып, жалыны тұрақта тұрған көліктер мен көпқабатты үйді шарпиды. 39 пәтер және онға жуық автокөлік өртке оранды. Бензовоздың жүргізушісі сол жерде мерт болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!