Алматыда алғашқы ақылы автотұрақ ашылды

Фотография - Алматыда алғашқы ақылы автотұрақ ашылды

Автотұрақ күнделікті таңғы сағат 7-ден кешкі 20-ге дейін жұмыс істейтін болады.

231 0

Алматыда алғашқы ақылы автотұрақ ашылды. Ол төлем қабылдайтын терминал – паркоматпен жабдықталған, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

Ақылы автотұрақ Фурманов және Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан.

«Бағдарлама автокөліктің қоршаған ортаға келтерітен зиянын төмендетуге бағытталған. Біздің қалада 500 мыңнан астам автокөлік құралы бар. Көптеген автокөлік иелері жұмысқа келгенде өз көліктерін көшеге қойып кетеді. Көлік күні бойы далада тұрып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді», - деп хабарлады Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Алтай Рақымбетов.

Оның айтуынша, тұрғындар тұрақ үшін сағатына 100 теңге төлегенше, қоғамдық көлікпен келуді таңдайды. Сонда, жолдағы кептеліс төмендейді.

Автотұрақ күнделікті таңғы сағат 7-ден кешкі 20-ге дейін жұмыс істейтін болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!