Қазақстанда сыра алкоголизімімен күреске арналған фильм түсірілді

Фотография - Қазақстанда сыра алкоголизімімен күреске арналған фильм түсірілді

Қазақстан - Орталық Азиядағы ең "ішкіш" мемлекет. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша еліміз Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сынды мемлекеттерден 90 орынға ілгері тұр.

202 0

Қазақстан - Орталық Азиядағы ең "ішкіш" мемлекет. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша еліміз Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сынды мемлекеттерден 90 орынға ілгері тұр. 

Осыған орай Республикалық нашақорлық мәселелерімен айналысатын медициналық-әлеуметтік орталық «Сыра алкоголизімі» деген видеонұсқаулық жасап шығарған. Ал ғалымдар қазақстандықтарды сыра алкоголизімі мәселесіне шындап қарауға шақырып отыр, деп жазады «Мегополис» газеті.

Жақында Қазақстанның 20 қаласында «Сыра Барлауы» атты шара өтті. Бұл шараға қатысушылар 21 жасқа толмаған жастардың дүкендерден емін-еркін сыра сатып алып жатқандығының куәсі болды.

Бұл мәселеге Республикалық нашақорлық мәселелерімен айналысатын медициналық-әлеуметтік орталықтың қызметкерлері өте алаңдаулы.

«Біз рейд жүргізген 45 дүкеннің 20-сында 21 жасқа толмағандарға дүкен қызметкерлері сыра сатты. Қорытындысында біз жақсы нәтижеге қол жеткізген жоқпыз. Алкогольді ішімдіктердің салдарынан соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша 12 мың адам қайтыс болған, ал нашақорларды тіркейтін диспансерлерде бүгінгі күні 210 мың адам тіркелген», - дейді Республикалық нашақорлық мәселелерімен айналысатын медициналық-әлеуметтік орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша директорының орынбасары Алмас Құсайынов.

Сонымен қатар ол: «Дәл қазіргі уақытта теледидарды қоссаңыз сыраның нешетүрлі сұрыптарының жарнамалары массалық түрде беріліп жатқандығын көресіздер. Біз алкогольді ішімдіктермен күрес жүргізіп келгенімізбен, сыраны оның қатарына қоспаймыз. Кез-келген сыраны ішетін адамнан сұрасаңыз «Сыра пайдалы, әрі дәмі тіл үйірер сусын» деген жауап аласыз. Ресей Федерациясы соңғы жылдары сыра алкоголизімі мәселесін өздерінің нашақорлықпен күрес мәселелерінің қатарына қосты. Олардың зерттеуі бойынша жастардың 70%-ға жуығы сыраға тәуелділікке шалдығу қауіпі жоғары» деді.

«Саламатты Қазақстан» және Республикалық нашақорлық мәселелерімен айналысатын медициналық-әлеуметтік орталықтың ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асырушы қызметкерлердің бірлесуімен дүниеге келген «Сыра алкоголизімі» фильмінде сыраны дайындау әдіс-тәсілдері, оның құрамы, жас ағзаға кері әсері және алкоголизіммен ауыратын адамдардың барлығы дәл осы сырадан бастап соңы қалай аяқталғандығын көрсетеді.

«Сыра алкоголизімі» фильммін жасау барасында 2009 жылы мектеп оқушылары арасында жүрзігілген зерттеудің нәтижелері қолданылған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!