Бурабайда жалаңаштар фестивалін өткізбекші

Фотография - Бурабайда жалаңаштар фестивалін өткізбекші

Бурабай курортында 5-8 шілде аралығында нудистердің фестивалін өткізу жоспарланып отыр

165 0

Бурабай курортында 5-8 шілде аралығында нудистердің фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар сонымен қатар аталған іс-шараларын жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналдырмақшы, деп жазады «Экспресс К» газеті.

«Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп отырған Омбы қаласынан келген нудистер қоғамы. Жүздеген адам қазақстандық Швейцарияда бұл іс-шараның көрігін қыздыруға тілек білдірген», - деп жазады аталған басылым.

«Біз бұл фестивалді өткен жылы да өткізген болатынбыз. Барлығы жақсы өтті. Олар бізге алғыстарын білдірген болатын. Курорттың дамуына қосқан үлесіміз үшін олар бізге дән риза. Біз фестивалді Қазақстандағы демалыс күндеріне орайластырып отырмыз», - дейді Олег есімді белсенді.

«Ресейліктер қазақстандықтар осы іс-шараға қосылады деп сенеді. Күзетшілер жасөспірімдер мен кездесойық адамдардың қатысуына жол бермейді. Қатысуға тілек білдіргендер тек жұбымен келуі керек. Біз бұл жерде волейбол тәрізді ойындар ойнайтын боламыз», - дейді қатысушылардың бірі.

Айта кетейік, нудистер қоғамы Еуропа елдерінде әрекет етеді. Олар жыл сайын Еуропа теңіздері мен көлдерінің жағалауларында тәндерін жалаңаштаған күйі сауық-сайран құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!