Ақтөбеде 17 қытайлық ұсталды

Фотография - Ақтөбеде 17 қытайлық ұсталды

Ақтөбеде көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 17 ҚХР азаматы ұсталды

173 0

Ақтөбеде көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 17 ҚХР азаматы ұсталды деп хабарлайды newtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген 17 қытайлық ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ұсталған азаматтардың 4-уі Ақтөбедегі «Хуа Ю Интернационал Қазақстан» ЖШС-де, қалған 13-і «ЭКО экспресс Ақтөбе» ЖШС-де жұмыс істейтін болып шыққан, дейді облыстық прокуратура.

Тергеу барысында мигранттардың визалары Қазақстан заңдарына сәйкес еместігі анықталған. Мысалы, 13 азамат визаға инженер болыр тіркелсе, шындығында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Ал, қалған 4-уі визаны іскерлік мақсатта деп алып, Ақтөбеде аспаз болып жұмыс істеп жүрген жерлерінен ұсталған.

Сот шешімімен бұл азаматтар 3 тәулікке қамалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!