Алматыда биыл 18 үйдегі 48 лифт күрделі жөндеуден өтеді

Фотография - Алматыда биыл 18 үйдегі 48 лифт күрделі жөндеуден өтеді

Алматыда соңғы 2 жылда «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мен жаңғырту бағдарламасы» бойныша 19 лифт жөндеуден өтті

176 0

Алматыда соңғы 2 жылда «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мен жаңғырту бағдарламасы» бойныша 19 лифт жөндеуден өтті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен тұрғын үй қорындағы лифтілердің мәселесіне қатысты дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 2001-2012 жылдары Алматыда 60 млн. 786 мың 400 теңгеге 6 үйдегі 19 лифт жөндеуден өтті. 9 млн. 600 мың теңгенің қайтарылмалы қаражатына 1 үйдегі 3 лифт жөнделді. Биыл 158 млн. 670 мың 460 теңгеге 17 үйдегі 48 лифтінің сметасы бекітіліп, құжаттары жиналды. Енді оны республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі ғана ашық қалуда», - дейді Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Тұралиев. Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалатын қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Бұл қаржыға қайтарылмалы негізде кондоминиум нысанындағы ортақ мүлікке жөндеуде шатыр, үйдің қасбеті, инженерлік желілер, терможаңғырту мен лифтілерді ауыстыру және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш бағдарламаға Алматыда 90-нан астам үйдің тұрғындары қатысуға дайын. Соның ішінде 18 үйдің 48 лифтісін жаңғырту қажет. Оның әрқайсысына 3 млн. 200 мың теңге қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!