Жылына 430 мың тонна рельс шығаратын зауыт

Фотография - Жылына 430 мың тонна рельс шығаратын зауыт

Қазақстанның индустриалдық өмірінің бесінші күні «Жаңа технологиялардың өнеркәсіптегі орны» тақырыбына арналды. Соңғы 3 жыл ішінде бұл сала айтарлықтай ілгері қадам басып келеді

205 0

Қазақстанның индустриалдық өмірінің бесінші күні «Жаңа технологиялардың өнеркәсіптегі орны» тақырыбына арналды. Соңғы 3 жыл ішінде бұл сала айтарлықтай ілгері қадам басып келеді. 

Инновациялық жобаларды қолдауға мемлекеттен 2010 жылдан бері 173 жаңа жобаға 9 млрд. теңге бөлінді. Жекелеген секторлардың қарқындап дамуы да Үкіметтің жіті бақылауында.

Солардың бірі – «Ақтөбе рельс – Арқалық зауыты». Іргетасы қаланып, құрылысы күні-түні дамылдамай тұрған болашақ кәсіпорын келесі жылы іске қосылмақ. ТМД аумағында теңдесі жоқ зауытқа сұраныс күшті болады деген үміт бар.

Ол еліміздің темір жол саласына ғана емес, жақын көршілеріміздің көлік қатынасына да жаңа дем бермек. Жылына 430 мың тонна өнім шығаруға қауқары бар зауыт 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жаңа технологиялардың көмегіне жүгініп, қол жеткізген жетістіктер.

«Ақтөбе рельс – Арқалық зауыты» ЖШС бас инженері Марс Өтегеновтің айтуынша, зауыттағы жабдықтардың барлығы Италиядан импортталған. Мұнда ұзындығы 120 метрлік рельстер шығарылады. Құрылыс сәуір айынан бастап қарқынды жүріп жатыр. Зауыт жоба бойынша 2014 жылы толық іске қосылуы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!