«Күн сағаттың жанында кездесейік»

Фотография - «Күн сағаттың жанында кездесейік»

Астанада «Күн сағат» пайда болды. Жеңіс саябағында, «Қазақстан» спорт кешенінің жанында орналастырылған сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы сәулетші Антон Максимов.

807 0

Астанада «Күн сағат» пайда болды. Жеңіс саябағында, «Қазақстан» спорт кешенінің жанында орналастырылған сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы сәулетші Антон Максимов.

«Бүгін Астананың 15 жылдығына орай қаламызда жаңа да бірегей сәулет нысаны пайда болды. Құм сағат тек қала тұрғындарының ғана емес, сонымен бірге қонақтардың да сүйікті орнына айналарына сенімдімін», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун жаңа жобаның ашылу салтанатында.

Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Автордың идеясы бойынша сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған.

Күн сағатты жасаудан бұрын шеберлер отандық обсерваториялардың мамандарынан кеңес алған. Нәтижеде – циферблаттың ортасындағы металдан жасалған тіл дәл уақытты көрсетеді. Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін тілден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18-00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.

Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған. Мұнда отырып, 10 метрлік тілдің көлеңкесі қалай жылдам ауысқанын, осылайша, күндеріміздің қалай ғана жылдам сырғып бара жатқанын анық бақылауға болады. Бұл – өміріміздің әрбір сәтін мәнді өткізу керек екендігіне үндейді, дейді жобаны іске асыруға мұрындық болған BI Group холдингінің басшысы Айдын Рақымбаев.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!