Шымкентте қораздардың айқасын өткізіп келген мекеме әшкереленді

Фотография - Шымкентте қораздардың айқасын өткізіп келген мекеме әшкереленді

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қораздардың айқасы өткізіліп келген ойын мекемесін анықтады

235 0

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қораздардың айқасы өткізіліп келген ойын мекемесін анықтады.

Кіру құны 200 теңге болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қораздардың айқасы тек сенбі күндері ұйымдастырылған. Мұнда сондай-ақ алкоголь сатылатын дәмхана да қарастырылған. Барлық бөлмелер бейне бақылау жүйесімен жарақтандырылған. Тұтқындау операциясына басқарманың жедел уәкілдерімен қатар арнайы мақсаттағы жасақтың қызметкерлері де қатысты. Клубта бұл күні 100-ге жуық адам болды. Тәртіп сақшылары кассадан 30 мың теңгеге жуық қаржыны тәркіледі. Ақша мен қораздар айғақ заттар ретінде қолданылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!