Астанада «GEVO» дизельдік қозғалтқыштар зауытының құрылысы басталды

Фотография - Астанада «GEVO» дизельдік қозғалтқыштар зауытының құрылысы басталды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов «GEVO» локомотивті дизельдік қозғалтқыштар зауыты құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

215 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов «GEVO» локомотивті дизельдік қозғалтқыштар зауыты құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

«Бүгін біз жаңа өндірістің алғашқы тасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Мемлекет басшысы еліміздегі көлік инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Соның нәтижесінде темір жол құрылысын қаржыландыру жылдан-жылға өсіп келеді»,- деді Серік Ахметов.

Премьер-министр ел экономикасын индустрияландыру аясында теміржол саласында бірнеше ірі кәсіпорындардың ашылып, жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі жаңа зауыттың құрылысы да еліміздің өнеркәсіп саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, еңбек өнімділігінің артуына тың серпін беретініне сенімдіміз», - деді Серік Ахметов.

Дизельдік қозғалтқыштар зауытын 2014 жылы желтоқсанда іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынды Астанада ашу жөніндегі келісім өткен жылы жасалды. Жобаны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы американдық «GE Transportation» компаниясы мен ресейлік «Трансмашдизель» кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырады.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!