Астана күнінде бірқатар көшелер жабылады

Фотография - Астана күнінде бірқатар көшелер жабылады

Астана күні мерекесіне орай, шілденің 6-8-і аралығында қаланың бірнеше көшелері жабылады. Бұл туралы Астана қаласының Ішкі істер департаменті мәлімдеді

142 0

Астана күні мерекесіне орай, шілденің 6-8-і аралығында қаланың бірнеше көшелері жабылады. Бұл туралы Астана қаласының Ішкі істер департаменті мәлімдеді.

4 шілдеде Тәуелсіздік даңғылы Ахмет Байтұрсынов көшесінен бастап Жұмекен Нәжімеденов көшесіне дейін жабылады. Көліктер Обаған көшесі арқылы айналып өтеді. Шілденің 6-сы күні әншілер шеруі Республика және Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшелері арқылы өтеді.

Сондықтан, сағат 8.30-дан 11.00-ге дейін Сәкен Сейфуллин және Александр Бараев көшесі аралығы жабылады. Сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін Достық даңғылы, Тұран даңғылы мен Орынбор көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Қауіпсіздік мақсатында, Жол полициясы алдын-ала айналып өтетін жолдарды таңдап алуды ұсынады.

Айта кетейік, Астана күнінің 15 жылдық мерейтойына орай, іс-шаралар легі бүгін басталады. Шара барысында мемлекеттік ту көтеру және курсанттарға офицерлік погон тапсыру рәсімдері өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!