Астана күніне Оңтүстік Қазақстан облысы 10 тонна ет жіберді

Фотография - Астана күніне Оңтүстік Қазақстан облысы 10 тонна ет жіберді

Астана күніне Оңтүстік Қазақстан облысы өз үлесін қосу мақсатында балалар мен қарттар үйіне 10 тонна ет және азық-түлік өнімдерін жіберді

193 0

Астана күніне Оңтүстік Қазақстан облысы өз үлесін қосу мақсатында балалар мен қарттар үйіне 10 тонна ет және азық-түлік өнімдерін жіберді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбаев жағымды жаңалық жайлы хабарлады. 10 тонна ет және азық-түлік өнімдерін Астанаға жеткізу үшін 1 жүк көлігі мен 5 газель автокөлігі жолға шыққан. Елордаға олар бүгін ат басын тірейді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбаевтың айтуынша, тағам тиеген автокөш елордаға былтыр да жіберілген болатын. Былтыр ет және азық-түлік нарықтағы құнынан төмен бағамен сатылса, биыл тағам өнімдері Балалар және Қарттар үйіне тегін таратылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!