Астанада сыбайлас жемқорлық бойынша сот істері көбейді

Фотография - Астанада сыбайлас жемқорлық бойынша сот істері көбейді

Бүгінде елордада сыбайлас жемқорлық бойынша сот істері көбейіп отыр. Бұл туралы бүгін Астана қалалық сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім етті.

299 0

Бүгінде елордада сыбайлас жемқорлық бойынша сот істері көбейіп отыр. Бұл туралы бүгін Астана қалалық сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңғы алты айында сот органдарына сыбайлас жемқорлық бойынша 37 іс түсті. Бүгінде оның 30-ы қаралды. Өткен жылдың аталған кезеңінде 17 іс болды. Сол кезде ол істердің 12-сі қаралған болатын. «Демек, биыл сыбайлас жемқорлық бойынша сот істерінің саны екі есеге көбейіп отыр», - дейді С.Абдуллаев.

Жалпы, қазіргі кезде Астана қаласы соттарының қарауында 35 мың іс бар. Оның 20,2 мыңы - азаматтық, 13,2 мыңы - әкімшілік және 11,2 мыңы - қылмыстық істер.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!