Спорттағы аңыз адамдар біздің достарымыз...

Фотография - Спорттағы аңыз адамдар біздің достарымыз...

 «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының ресми тұсаукесер кешінде сөз алған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев: спорттағы аңыз адамдар біздің достарымыз.

180 0

 «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының ресми тұсаукесер кешінде сөз алған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев: спорттағы аңыз адамдар біздің достарымыз.

Оның түсіндіруінше, Қор соңғы бірнеше жылда спорттық жобаларды тікелей де, ұлттық компаниялар арқылы да қаржыландырып келеді. Бұрын қаржыландыру бытыраңқы түрде жүзеге асырылғандықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін одан сайын ілгерілету мақсатында барлық командаларды бір мультиспорттық жобаға – «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубына біріктіру туралы шешім қабылданды.

– «Астана» ПКСК – бұл спортты мелекеттік қолдауды күшейтуге және Қазақстанның әлемдік аренадағы оң имиджін нығайтуға арналған спорт менеджементі саласындағы соңғы үрдістерге жауап беретін қазіргі заманғы бірлестік. Әлемдік тәжірибеде мультифункционалдық спорт клубтарына қатысты табысты жұмыстың мысалдары аз емес. «Реал», «ЦСКА», «Бавария» немесе «Барселона» сияқты спорт грандтарын еске алсақ та жеткілікті. Ендеше, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, жұмыс істесек спорт саласындағы аты аңызға айналған адамдардың барлығы да біздің досымызға айналады. Қазірдің өзінде бүгінгі кешімізге қатысып отырған футбол жұлдыздары Луиш Фигу мен Оливер Кан, Халықаралық Олимпиада комитетінің Маркетинг жөніндегі директоры Майкл Пэйн, «Вашингтон Кэпиталз» клубының шабуылшысы Александр Овечкин секілді танымал тұлғалар біздің әріптестерімізге айналып үлгерді, - деді Өмірзақ Естайұлы.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!