Президенттің қандай тамақты жақсы көретіні белгілі болды

Фотография - Президенттің қандай тамақты жақсы көретіні белгілі болды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай тамақтарды жақсы көретіні белгілі болды. Бұл туралы президентке 8 жылдан бері ас дайындап жүрген Игорь Кубряков бейсенбі күні телеарналардан көрсетілген «Назарбаев.Live» деректі фильмінде айтып берді.

309 0

Аспаздың айтуынша, мемлекет басшысы таңғы асты ботқадан бастайды. Ол жемістер мен жаңғақ қосылған сұлы немесе алыптар ботқасын жақсы көреді екен.

«Түскі асы – әдеттегідей. Бірінші асқа көкөніс сорпасы немесе балық сорпасын ішеді. Нұрсұлтан Әбішұлы тамақты қышқылдау қылып ішкенді ұнатады. Екінші және түнгі асқа жеңілдеу тамақ ішеді – теңіз балығын немесе грильге піскен форель жейді», - дейді аспаз.

Президенттің сүйікті асы асылған ет пен балық тағамдарының барлық түрлері. Аспаз ұлттық тағамды өте қарапайым тәсілмен дайындайды. Етті нарын дайындағандай майдалап турап, сорпамен қосып әкелемін, дейді ол.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!