Астана мешіттері жағдайы төмен 300 отбасының балаларына мектеп киімдерін алып бермек

Фотография - Астана мешіттері жағдайы төмен 300 отбасының балаларына мектеп киімдерін алып бермек

Биыл Рамазан айы 8 тамызда аяқталады. Оның арғы жағында бүлдіршіндердің мектепке баратын уақыты да алыс емес. Осы жағын ойластыра келе, біз биыл Астанадағы мешіттер 300 жағдайы төмен отбасының балаларына мектеп киімдерін алып беруге ниет етіп отырмыз.

449 0

Астана мешіттері жағдайы төмен 300 отбасының балаларына мектеп киімдерін алып бермек. Бұл туралы бүгін Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев мәлім етті.

«Биыл Рамазан айы 8 тамызда аяқталады. Оның арғы жағында бүлдіршіндердің мектепке баратын уақыты да алыс емес. Осы жағын ойластыра келе, біз биыл Астанадағы мешіттер 300 жағдайы төмен отбасының балаларына мектеп киімдерін алып беруге ниет етіп отырмыз. Бұның барлығын Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, ораза айының ішінде іске асырамыз деп отырмыз», - дейді бас имам.

Оның айтуынша, бұндай игі іске пітір мен садақа ақшалары жұмсалмай, кәсіпкерлер қолдауымен жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қ. Заңқоев «Нұр Астана» мешітінің өзі биылғы оразада күн сайын 400 адамға дейін ауыз ашар ұйымдастыратынын мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!