Хоргос өзенінде «Достық» Қазақстан-Қытай бірлескен су торабы ашылды

Фотография - Хоргос өзенінде «Достық» Қазақстан-Қытай бірлескен су торабы ашылды

5 шілде күні Қоршаған ортаны қорғау Вице – министрі Ерлан Нысанбаев қызметтік іссапармен Алматы облысына барды. Іссапар барысында Е.Нысанбаев Хоргос өзеніндегі Қазақстан және Қытай елдерінің бірлескен «Достық» су торабының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

257 0

Алматы облысында Хоргос өзеніндегі Қазақстан және Қытай елдерінің бірлескен «Достық» су торабы ашылды деп хабарлайды қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілде күні Қоршаған ортаны қорғау Вице – министрі Ерлан Нысанбаев қызметтік іссапармен Алматы облысына барды. Іссапар барысында Е.Нысанбаев Хоргос өзеніндегі Қазақстан және Қытай елдерінің бірлескен «Достық» су торабының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.


«Бұл нысанның іске қосылуы өзен суының екі ел арасында тең әрі әділетті бөлінуін қамтамасыз етіп, екі елдің шекаралас аймақтарының су қажеттілігі мәселелерін шешеді.Су торабына Хоргос өзенінің суын инженерлік емес (бөгетсіз) тоғандар арқылы алатын екі жақтың барлық магистральды (суару) каналдарының қосылуы қарастырылған. Бұл өзен суының екі жағаға да жеткізілуін кепілдендіріп, оның автоматизациясы мен көлемін есептеуді қамсыздандырады»,-делінген хабарламада.


Су торабының қақпасындағы су шығыны 382 м3/сек. көлемді құрап, 16 мың гектар жерді суару мүмкіндігін береді.


Сонымен қатар, мұнда су торабының өз қызметі мен жақын аумақта орналасқан елді мекендерінің қажеттілігіне қолданатын 10,5 млн. кВт/сағ. электр қуатын өндіру мүмкіндігі бар.


Нысанның құны 9 млн. 560 мың АҚШ долларына бағаланады.


Хоргос өзені бойында су торабын құру мәселесі алғаш рет 1992 жылының маусым айында қозғалған.


Су торабын құру жөніндегі үкіметаралық келісім 2010 жылдың қараша айында қабылданды.


Нысанның құрылысы 2011 жылдың сәуірінде басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!