Жұлдыздармен жүріп өт

Фотография - Жұлдыздармен жүріп өт

Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар бүгін таң атысымен басталды.

204 0

Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар бүгін таң атысымен басталды.


Солардың бірі – «Жұлдыздармен жүріп өт!» атты шеруі. «Жастар сарайынан» басталған көшпелі думан қала көшелерін аралап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. Мерекелік шерудің мәресі «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңға белгіленген.

Еуразия жүрегінде орналасқан елордамыздың 15 жылдық мерейтойы үлкен екпінмен аталып жатқанын «Бәйтерек» монументі жанындағы халықтың көңіл-күйінен анық аңғаруға болады. Осында қазір «Жұлдыздармен жүріп өт!» атты мерекелік шеру мәресіне жетуі тиіс. Қала көшелерін аралаған шеру қатарында Қазақстанның спорт жұлдыздары, шоу-бизнес өкілдері және өнер адамдары бар. Олар қала күніне арнаған әндерін орындап, түрлі театрландырылған көріністер қоюда. Сонымен қатар шеруге Астана мен Түркияның үрмелі оркестрлері келіп қосылды. Осында жеткен өнерпаздар Сарыарқа төріндегі дүбірлі тойдың көркін қыздырмақ. Отандық эстрада жұлдыздары ұлт өнерін ұлықтап, алаш абыройын шартарапқа асқақтатты. Мереке аспанға 15 мың шар ұшырумен қорытындыланады деп жоспарланған .

Айтулы мереке аясындағы өзге де іс-шаралар туралы алдағы сағаттарда айтып отырамыз.

Астана күні

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!