Астанада «Хан Шатыр» орталығы алдында жерасты өткелiнiң құрылысы басталды

Фотография - Астанада «Хан Шатыр» орталығы алдында жерасты өткелiнiң құрылысы басталды

Бүгiн, 9 шiлде күнi "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығына қарай апаратын жүргiншiлерге арналған жерасты өткелiнiң құрылысы басталуына байланысты, биылғы жылдың 20 тамызына дейiн Тұран даңғылының Қонаев көшесiнен Достық көшесiне дейiнгi бөлiгi жабылатын болады

370 0

Бүгiн, 9 шiлде күнi "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығына қарай апаратын жүргiншiлерге арналған жерасты өткелiнiң құрылысы басталуына байланысты, биылғы жылдың 20 тамызына дейiн Тұран даңғылының Қонаев көшесiнен Достық көшесiне дейiнгi бөлiгi жабылатын болады.

Бұл туралы бүгiн Астана қаласы Жолаушыларды тасымалдау орталығы басшысының орынбасары Жомарт Дауменов мәлiм еттi.

Оның айтуынша, жүргiзушiлер "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының артындағы айналма жолмен жүре алады. Сонымен қатар ол айналма жолда қосымша 3 автобус аялдамасы орнатылады.

"Қазiргi уақытта Астанада 9 жаяу жүргiншiлерге арналған жерасты өткелi бар. "Хан Шатыр" орталығы мен "Ғашықтар" аллеясы аралығында салынғалы жатқан өткел оныншы болмақ. Жалпы ЭКСПО-2017 шарасына дейiн 25 жерасты өткелi салынады", - дейдi Ж. Дауменов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!