Қазақстандық әскери ұшқыштар шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты

Фотография - Қазақстандық әскери ұшқыштар шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Әуе қорғанысы күштері құрылымдары мен бөлімдерінің командалық құрамының әскери-ғылыми конференциясы өтті

255 0

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Әуе қорғанысы күштері құрылымдары мен бөлімдерінің командалық құрамының әскери-ғылыми конференциясы өтті,деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс Миністірлігінің баспасөз қызметі.



Әскери-ғылыми конференцияның басты мақсаты шетелдердегі авиацияның қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда пайдаланылуына талдау жасау және ұшу құрамын қалалық жағдайда ұрыс жүргізуге дайындауға бейімдеу болып табылады.

Кез-келген жағдайда Әскери-әуе күштері ұрыс қимылдарын жүргізіп,өз тапсырмаларын табысты орындау үшін авиацияны жан-жақты қамтамасыз ету маңызды роль атқарады. Авиацияның жоғары жауынгерлік мүмкіндігінің кілті – оның заманауй техникалық құралдармен жабдықталуында.

Конференция барысында басты назар ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратының мүмкіндігіне аударылды. Оны қолдану қала ауқымындағы жағдайды орнықты әрі үзбей мониторинг жасауға  әрі жеке құрамға қауіп-қатер  төндірмеуге мүмкіндік жасайды. Қарулы Күштерді еңжақсы өніммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан сарапшылары әлемнің алдыңғы қататрлы елдері шығарған ұшу аппаратының техникалық мүмкіндіктерімен танысу жұмыстарын жүзеге асыруда. Іздеу мен таңдау мүмкіндігін 2010 жылдан бастап  өткізілген «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі кеңейте түсті.

Әскери-ғылыми конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұшу құрамын жоғары дәлдікті қаруды пайдалана білуге дайындаудың және қалалық жағдайда ұрыс қимылдарын жүргізудің шетелдік тәжірибесін оқып-үйренудің маңыздылығы аталып өтті. Конференцияға қатысушылар ұрыс барысында Әскери-әуе күштерінің құрылымдары мен бөлімдерін басқару тетіктерін және авиацияның әскер түрлерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру сұрақтарын егжей-тегжейлі қарастырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!